ашық сабақтар

Рассмотренных обращений: 0
Не рассмотренных обращений: 0

Өлеңті орта мектебінің оқушылары Сулейменова Сания 8 сынып,Семенов Даниил 1 сынып "Әйел-Анаға құрмет-тағзымымыз шексіз"атты аудандық "Ереймен"газетінің жариялаған конкурсына қатысып ІІІ орынға ие болды.Құттықтаймыз!!!
Автор: Утепова Д.Ю

ашық сабақ Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл тағдыры – ел тағдыры

 

Мақсаты: Қазақстанда өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрпын, дәстүр-тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, Қазақстанда мекен еткен халықтардың тіліне деген құрметті шыңдау; еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, ұлттық киімдер.

Барысы:

Көрініс: «Бабамнан қалған асыл сөз»

(Қатысушылар: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

1-жүргізуші:

Туған тілім – бабам тілі, өз тілім,

Туған тілім-анам тілі, өз тілім,

Туған тілім-далам тілі, өз тілім,

Туған тілім-адам тілі, өз тілім.

Қилы-қилы замандарда қара қылды қақ жарған, әділдікті, шындықты жадында ұстаған, елінің, жерінің салт-дәстүрінің ұмытылмауын ойлаған би-шешендеріміз қаншама. Олай болса от ауызды, орақ тілді үш жүзіміздің билерін ортаға шықарайық.

Төле би:

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.

Жалғанда ойлап тұрсаң, бірлік керек,

Бірлікті ойлаған соң тірлік керек.

Ағайынға ала көз бола қалсаң,

Аузыңнан несібеңді біреу жемек.

Қазыбек би:

Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.

Елімізде құт-береке қашпасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басынан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз,

Дәм-тұзды ақтай білген елміз.

Әйтеке би:

Ашу деген-ағын су,

Алдын ашсаң арқырар.

Ақыл деген –дария,

Алдын тоссаң тоқырар.

Аяулы ұрпақтарымыз!

Елді, жерді қорғаңдар.

Досқа мейірімді болыңдар.

2-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар және оқушылар! Сіздер тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Тіл дағдыры – ел дағдыры» атты ашық сабаққа қош келіпсіздер!

1-жүргізуші:

Добрый день, дорогие гости и ученики! Добро пожаловать на открытый урок, посвященный Дню языков народа Казахстана!

От каспия до родного Алтая

Она легла, Республика моя.

Просторная, как океаны,

Большая, богатая казахская земля!

2-жүргізуші:

Тіл-халықтың жаны, сәні, адамды мұратқа жетелейтін-ана тілі мен ата дәстүрі. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Әр халықтың өзінің ана тілі, дәстүрі бар.

1-жүргізуші:

В нашей республике живут люди разных национальностей. Их насчитывается больше 130. И все мы живем в многонациональном государстве в мире, дружбе и согласии между народами. У нас нет межнациональных конфликтов. Почему? Благодаря правильной политике, которую ведет наш Президент Н.А Назарбаев. Наше молодое государство процветает и живет в мире и согласии. Мир так важен для всех.

Мир для меня, мой друг,-

Тепло ладоней твоих,

Голос счастливый твой.

Мир для меня, мой друг.

Надежный мир для двоих,

Мир над землей.

2-жүргізуші:

Жерімді мекендеген түрлі халық

Біздің ел дәстүрінен қуат алып,

Береке, достық болып сүйенері

Елімді отыр танып барлық халық.

Барлық халық, бақыт үшін тартқан алға,

Біздің ел ынтымақты, бауырласқан.

Достық қайда болса, бірлік сонда.

Отаным жатсынбайды басқа ұлтты,

Бауырына басып отыр барша жұртты.

1-жүргізуші:

Қазақ ұлтының бір ғана Отаны бар. Ол Қазақстан екені барлығымызға мәлім. Қазақстан сонымен қатар онда туып-өскен және оған түрлі жағдайлармен қоныс аударып, азаматтығын алған жүзден астам басқа да ұлттардың Отаны. Осы халықтардың барлығы бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде. Бұл Елбасымыздың көрегенді саясатының арқасы екені даусыз. Сіздер бұл кеште Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігінің, қазақ ұлты мен тіліне деген құрметінің куәсі боласыздар.

(Тіл тақырыбында түрлі ұлт өкілдерінің мәнерлеп оқуы.)

Орыс:

Мен орыспын, сыйлаймын қазақ ұлтын,

Қастерлеймін тарихын, салт-дәстүрін.

Өйткені мен өркендеп осы жерде,

Топырағынқазақтың басып өстім.

Өзбек:

Мен өзбекпін, сүйемін қазақ жерін,

Қазақ жері-ол менің туған жерім.

«Жолдас болсаң қазақпен адаспассың»

Деген өзбек мақалын жаттап өстім.

Неміс:

Мен неміспін, сүйемін қазақ тілін,

Қаймағы бұзылмаған таза тілін.

Қазақ тілі лайық деп білем мен,

Болуға да ортақ тіл немістердің.

Қазақ:

Мен неміспін, иесімін кең даламның,

Талай жаудан бұл даланы қорғаған.

Өзгелердің басына күн туғанда,

Жат көрместен құшақ жайып қарсы алғанмын.

 

1-оқушы:

Корей, украин, немістен

Көп ұлтты шаңырақ біріккен,

Бәрінің жүрегін жібіткен

Ынтымақ ұраны – мекенім!

2-оқушы:

Край родной – как письмо,

Что оставили предки.

И, вникая в неровные строчки следов,

Полистаешь страницы минувших годов.

Алатау, Алтай, Аркалык, Атырау-

Словно крылья, шумящие слева и справа.

Казакстан обращается к новой судьбе,

Чтоб рассветы рассветом встречать величаво!

2-жүргізушісі:

Асау жүрек жанығып алқынбасын,

Бойына берген өнер сарқылмасын.

Шыңға біткен шынардай биіктегі

Ұлтымыздың ән өнері сарқылмасын!

3-оқушы:

Ана тілім – күшім менің, қуатым,

Жырым сендік жүрегімнен туатын.

Тауысар ма ырысыңды, қорыңды,

Тізерлесіп қатар жазса мың ақын.

4-оқушы: Тіл

Тас төбеме көтерем деп тілімді,

Бас жарылып, ет өкшеміз тілінді.

Дана тілім, баба тілім болмасаң,

Бір секундта көре алмаймын күнімді.

 

Тас төбеме шығарам деп тілімді,

Шырылдаумен шығардым-ау үнімді.

Ауырсынбай арқаланып келемін,

Тіл жолында ауырланған жүгімді.

 

Бір шалынып бірде тұрып келемін,

Тілім-анам, тілім-далам, өлеңім.

Қайқы қылыш бас кескелі тұрса да,

Туған тілдің нақ жолында өлемін.

 

Туған тілім деп өссе екен түлегім,

Жаман істің бермесе екен түнегін.

Жалғыз жаннан дем үзіліп кетсе де,

Туған тілім деп соқса екен жүрегім.

5-оқушы:

Тіл жайында толғанбайды кім бүгін?

Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?

Сан мың жылдан сарқылмаған бұлағым!

Тілім менің, тілім менің –тірлігім!

Өмірімнің өзгермеген айнасы,

Енді қайта жарқылдашы, жайнашы.

Жер бетінен жоғалтуға шақ қалып,

Сол тіліме сұқтанбайды қай-қайсы.

 

1-жүргізуші:

История нашего государства древняя, сложная и очень интересная. Издревле на территории нашего государства проживали различные племена и роды. В 18 веке произошло присоединение Казахстана к России.

       В 1920 году после Октябрьской революций была создана автономная республика. В 1936 году автономная республика была преобразована в Казахскую ССР. С распадом СССР образовалось новое государство-Республика Казахстан.

Долго мой край был окутан в туман,

Теперь здесь родился родной Казахстан,

Зрелости полной достиг мой народ

В созвездии братских стран.

                                                        Жамбыл.

Көрініс: «Бір шаңырақ астында»

(Күй ойнап тұрады. Сахнада қазақ отбасы дастархан басында отырады.)

2-жүргізуші:

Жайылған қазағымның дастарханы,

Көгінде күмбірлеген асқар әні.

Құшағын кеңге жайған бұл халқымның

Бұйырған бар халыққа тұз бен дәмі.

(Сахнаға орыс отбасы келеді.)

Орыс:

Амансыздар ма? Біз отбасымызбен бірге осы жерге қоныс аударған болатынбыз. Қазірге барар жеріміз болмай тұр.

Қазақ:

Оу, сол да сөз болып па? Менің жерім –сенің жерің. Менің үйім-сенің үйің. Төрлет кәне.

(Сахнаға кәріс отбасы келеді.)

Кәріс:

Амансыздар ма? Біз отбасымызбен бірге осы жерге қоныс аударған болатынбыз. Қазірге барар жеріміз болмай тұр. Көмек бере аласыздар ма?

Қазақ:

Оу, бауырым, сол да сөз болып па? Қазақ халқы-қашаннан қонақжай халық. Төрлет кәне.

(Сахнаға неміс, татар, украин отбасылары  келеді.)

Қазағымның кең пейіл дархандығы,

Кіршіксіз таза көңіл, адалдығы.

Сыйдырып өз жеріне барлық ұлтты,

Бағасы көпшілікке өте құнды.

1-жүргізуші:

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді

Көрсетейік ортаға.

2-жүргізуші:

Дружбой нужно дорожить. Будет дружба-будет мир. А если будет мир, то наше государство будет процветать с каждым годом все больше и больше. Но для того, чтобы наша Республика Казахстан процветала и развивалась, нам нужен не только мир, а также  умные и образованные люди. Сейчас у вас одна обязанность-учиться хорошо, потому сто вы –будущее нашей страны, от вас зависит благополучие нашей страны.

1-жүргізуші:

Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Біздің жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Бәріміз бейбітшілік туын жоғары көтеріп, болашаққа нық қадам басайық.

        Егеменді елімізді бұдан әрі де бейбіт жолмен өркендете береміз десек, әрбір ұстаз бен ата-ана, саналы ұлт өкілдері

«Ынтымақ елдікке жеткізеді,

Береке бірлікке жеткізеді» деген халық қағидасын үнемі іс пен әрекеттің пәрменді құралы ретінде пайдалануды естен шығармауымыз керек.

2-жүргізуші:

Тарихы бар дастанымдай ерліктің,

Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің,

Қазақстан-алтын бесік Отаным,

Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің.

Ән: «Туған елім»

(Сахнаға қатысушылар шығады.)

1-жүргізуші:

Ел тарихы, жер тарихы-өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,

Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.

2-жүргізуші:

Казахстан мой,

Прославленный щедрым размахом,

Все былые невзгоды

Развеявший прахом!

В этом чистом, степном и высоком краю.

Им горжусь я и тем, что

Сейчас в нем живу!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңажол орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тіл тағдыры –

ел тағдыры»

(тәрбие сағаты)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2010 -2011 оқу жылы

 


Просмотров: 2942
Дата создания: 01.12.2011
Дата редактирования: 01.12.2011

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource